Бишімбаевтың әкесі Құранды орысша оқиды (ВИДЕО)

0
561

ТикТок әлеуметтік желісінде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың видеосы тарады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Видеода соты өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әке-шешесі бар. Оларды видеоға кім түсіріп отырғаны белгісіз. Бишімбаевтың сотына Ресейден арнайы келген психолог Грейс Бишімбаевтардың отбасында қонақта болған деген сөз бар. Видеоны сол түсірген сияқты. Видеода Уәлихан Бишімбаев Құранды орысша оқып, дұға жасайды. Жанында отырған әйелі Альмира Нұрлыбекқызы «қазақша оқысайшы» десе де, дұғаны орысша жасаған Уәлихан Бишімбаевтың әрекетін сынап пікір жазған кісі көп. «Орысқұлдар», «Құранды орысша оқығаны несі», «Осындай адамның баласы ғой Қуандық» дескен пікірлер көптеп жазылуда.