Бишімбаевтың көріпкелі сотта не айтты?

0
199

Бүгінгі Бишімбаев сот процесінде шымкенттік көріпкел Гүлнардан телефон арқылы жауап алынды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы. 

Бұл сотқа куәгер ретінде тартылған шымкенттік көріпкел қайғылы оқиға болған 2023 жылғы 9 қараша күні Бишімбаевпен арада болған әңгімесін айтып берді. Көріпкелдің сөзінен түсінгеніміз, Бишімбаев оған «түнімен ішіп, төбелестік, қазір Салтанат қорылдап оянбай жатыр, не істеймін, қарап беріңізші» деген өтінішіне «жедел жәрдем шақыр, маған несіне хабарласып отырсың?» деп телефон тұтқасын қоя салғанын айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.