Бишімбаевтың сотына тәуіп-көріпкел келе ме?

0
114

Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырыстары барысында бірнеше рет көрікпел тақырыбы көтерілді. Енді сол көрікпел куәгер ретінде сот отырыстарына қатысуы мүмкін, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соталды тергеу барысында оқиға болған күні Қуандық Бишімбаев хабарласқан көрікпел анықталған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова мәлімдеді.

«Тергеу органдары көріпкелді анықтап, жауап алды. Ол тізімде (куәгерлер — еск.) бар», — деді жәбірленушілердің адвокаты Жанна Оразбахова AIRAN-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың сотында бірнеше рет экстрасенстер тақырыбы көтерілді. Алғашында жәбірленуші тарап өкілі Бишімбаев Нүкенованы экстрасенстерге мәжбүрлі түрде апарғанын мәлімдеді.

«Менің білуімше, Қуандық үнемі балгерлерге, экстрасентерге барып жүрген. Салтанатпен кездескенге дейін де қандай да бір сұрақтармен жүгініп отырған. Балгер «иә, сендерде бәрі жақсы болады, ол сені жақсы көріп қалады» деген. Маған айтқан күні Салтанатты ала барған… Салтанат та Бишімбаев әртүрлі сұрақпен балгерлерге жиі жүгінгенін айтты», — деді Айтбек Амангелді.

Фото ашық дереккөзден алынды.