Биыл 140 градусқа дейін ыстық бола ма?
Еуразия-1 арнасының хабарлауынша, биыл соңғы 2000 жылда болмаған алапат ыстық ауа-райы болады екен.
Әлеуметтік желіде тараған қысқаша ақпаратта арна тілшісі кей мамандар биылғы жаздың 140 дәрежеге дейін ыситынын айтқанын мәлімдеді. Алайда нақты кім, қашан айтқанын дерекпен келтірмеді.
Десек те, әлемдегі гидрометеорология мамандары биылғы жаз айларының аптап ыстық күндерге толы болатынын айтып, көптен бері ескерту жариялап келе жатқаны мәлім.
Сондай-ақ ыстық күнде денсаулығында ақауы бар кісілерге мейлінше сыртқа шықпауға дәрігерлер де кеңес беруде.
Фото интернеттен алынды.