«Біз Алланың емес, биліктің қалауымен дінде жүрміз» дейді тиктокер

0
759

ТикТок әлеуметтік желісінде көпшілікті өткір ой-пікірімен сүйсінтіп жүрген блогер қыз  бұл жолғы сөздерімен де көрерменін ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.

«Нағашы әжемнің әкесі «балам, үкіметпен ойнама, үкімет қаласа, халыққа құдайын ұмыттырып жібереді» деп. Сонда нағашы әжем «құдайын ұмыттыру мүмкін емес қой, басқа-басқа, қазақ құдайын ұмытпас» деп ойлайды екен.

Алайда 1922 жылы атеистік көзқарастағы Кеңес үкіметі орнағанда, халқымыздың 90 пайызы құдай жоқ дейтін қоғамға айналды. Үкімет қалады — қазақ құдайын ұмытты.

Тәуелсіздік алдық, мұсылман екеніміз есімізге түсті. Дінге бет бұрдық. Хиджаб киіп, сақал қою — қалыпты жағдайға айналды. Жұрт айтады «Алланың қалауымен иман келді, дінге бет бұрдық» деп.

Алланың қалауымен емес, билікке ыңғайлы болғандықтан қоғам діншіл болған жоқ па? Қалай ойлайсыз? Халықты құлдық санада ұстау — билікке тиімді емес пе?

Негізінен дін — көбінесе жер қазба байлықтары көп елде кеңінен тарайды. Неге?

Себебі — мысалы, қазба байлығы аз Жапония, Оңтүстік Корея, кей Еуропа елдерін алып қарасаңыз, ондай елдер халқын неғұрлым білімді етуге күш салады. Себебі оларда біздегі сияқты сатып, баитын шикізаты көп емес.

Ал Ресей, Қазақстан сияқты елдерге халқының тым білімді болғанының аса қажеті жоқ. Себебі сатылған шикізаттың ақшасын сұрайтын ақылды адамның көбейгенін қаламайды.

Ал енді ойланып қараңыз, діннің не үшін керек екенін және қоғамның діншіл болуы құдайдан ба, биліктен бе?» — дейді тиктокер.

Тиктокер қыздың бұл пікірін дұрыс демеске амал жоқ. Билік шындап қаласа, қазіргі сапсиған сақалдарды бір күнде кестіріп, шұбатылған хиджабтарды бір сағатта шешкізе алады.

Билік қаласа, бәдігін сапырған уағызшылардың үнін бір минутта өшіре алады. Сондықтан «Қазақстан — мұсылман ел болады. Халқымыздың 90 пайызы — мұсылман» деп кейбіреулер өздерін алдамағаны жөн.

Себебі күні ертең билік басына атеист азамат отырып, дін атаулының көзін жойып жіберуі әп-сәтте. Солай емес пе, қалай ойлайсыз?

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото көрнекілік үшін.

@altynbekkokzhal

♬ оригинальный звук — Қазақ жолы..Алтынбек Көкжал