«…біздің аттестациямызда шикілік бар ма?» дейді білікті ұстаз

0
477

Министр айтады. Елімізде мектептердің үш категориясын анықтадық дейді. Сарапшылар анықтапты.Сарапшыларға қайтып келемін.

Бірінші топта керемет мектептер екен.Алтын мектептер деп атайық. Барлық жағынан жарқырап тұрған білім ордалары. Білім де,тәрбие жұмысы да жоғары деңгейде қойылған .

Көрсеткіштері өте жоғары. Конкретно қайсы мектеп екенін айтпады. Олар қалаларда орналасқан лицейлер мен гимназиялар, БИЛ, НЗМ, Биномдар шығар деп отырмын.

Базар жоқ. Оқушыларының жетістігі жақсы. Онша-мұншаны ала бермейді. Үйің сол мектептің алдында тұрса да балаңның қабілетіне қарайды. Қабылдай қоюы неғайбыл. Көрші мектепке бар деп ақыл айтады.

Кейде ірі спонсорлардың (Форбс кейіпкерлері) тентектері де жүре береді. Себебі материалдық жағдайды да жарқырату керек. Конкурспен бала қабылдайды.

Мұндай мектептердің негізгі контингенті екінші-үшінші топтағы мектептердің қаймақтарынан құралады. Әрине, мұндай балаларды оқытудың өзі зор ғанибет.

Бастысы, оқушы мектептен шығып қаламын ба деп қамшы салдырмайды. Өзім 12 жыл Дарын мектебінде жұмыс істегенмін. Білемін.

Екінші топтағыларды министр «тиісті жұмыстануды қажет ететін мектептер» деген топқа бөліпті. (күміс топтар)

Жақсы да емес, жаман да емес. Бұл жердің оқушылары жергілікті территориялық принцип бойынша қалыптасады. Яғни сол мектеп айналасындағылардың балалары. Арасында жақсы оқитыны да, нашар оқитыны да кездеседі. Шектен шыққан нашар оқушыдан құтылуға тырысады.

Жалпы білім көрсеткіші орташа. Үш-төрт дей ме? Жұмыстану керек пе? Үштіктерден құтылу керек шығар?

Қалай құтылады? Сол үшін министр үшінші топтағы мектептер бар екенін айтады. (Қола жүлде)

Министрдің сөзімен айтқанда «тәуекелділік жағдайдағы» (критическое положение). Мұндай мектептерде оқу процесі дұрыс ұйымдастырылмаған. Білім сапасы төмен. Мұғалімдері де оңып тұрмаған болу керек.

Министр оны айтпады. Бірақ ондай мектепте есі дұрыс мұғалім жұмыс істей ме деп отырмын. Менен басқасы.

Осы мектептерді нысанаға аламыз дейді. Білімді-білікті педагогтардан тұратын десант ұйымдастырады. Сол корифейлер келіп мектепті зерделейді. Себебін табады. Диагнозын қояды.

Сосын әдістемелік көмек береді. Бұларды нысаналы мектеп дейді екен. Министрдің жалпы нысаналы мектепке қатысты идеясы-осы.

Айтпақшы ,нысаналы мектепті қалай анықтаған? Элементарно. Пиза мен МОДО бақылауы бойынша. Осыны естіп алып мен алып ұрып завучқа бармаймын ба? МОДО бойынша көрсеткіш қалай екен деп.

Алматының 200 мектебінің ішінде қақ ортасында екен.Басты критерий МОДО болса, Алматының бізден кейінгі жүз мектебі нысанаға ілігуі керек.

ПИЗА бізде болмапты. Онда неге бізді таңдады? Кім таңдады? Аудан шығар? Ауданның бұрынғы заврайоносына звондадым. Ол кісі айтады. Тізім министрліктен, ДКСО-лардың орталық штабынан келді дейді.

Ернұр Дауеновқа звондадым. Айналайын, біздің мектеп неге нысанаға ілігеді? Жағдайды толық айттым. МОДО дұрыс. Пиза болған жоқ. Онда біз неге сендердің қара тізімдеріңдеміз?

Білім сапасын жоғарыдағылар қолдан құртып отыр. Алматыға келген қашқын да, босқын да, еңбек мигрантының балаларын біз сияқты шеткі мектептерге жібереді. Орталықтағы ғаламат мектептердің статистикасын бұзады.

Баяғыда, соғыстан кейінгі жылдары қалалардан аяғы-қолы жоқ мүгедектерді бір күннің ішінде ауыл-селоларға, арнайы лагерьлерге апарып тастаған еді. Қаланың сәнін бұзады деп. Мынау да тура сол саясат.

Не орысша, не қазақша білмейтін оқушылар отыр кәзір алдымда. Парсыша, тәжікше сөйлесейін бе олармен? Жақында тоқсан аяқталады. Не қоямын? Екі қойып бүкіл қаланың көрсеткішін құлатайын ба?

Е. Дауенов «қараймыз, зерделейміз» деп қалды. Дүйсенбі күні жауабын береді.

Министрдің сарапшылары зерделегенде осындай фактілерді неге ескермеген? Меніңше ,жоғарыдан бұйрық келген. Сіздердің аудан,облыстан осыншама мектепті нысанаға ілу керек. Өздерің атаңдар деп. Бастық айтса жан бар ма?

Интернационал біздің мектептің көрсеткіші төмен. К гадалке не ходи. Жазып бере салған. Енді көреміз. Десанты келсін. Әлгі парсы, тәжік, өзбек, қырғыз, ресейлік оқушыларды қалай оқытар екен?

Олар Абылай мен Абайдан гөрі Сұлтан ағайын жақсы біледі. Өз елінде басқа тарих пен тіл оқып келсе, нені жарытады?

Ең өкініштісі. Нысанаға іліктік десең таныстарың бір түрлі қарайды. Аяп, бас-аяғыңа қарайды. Одан светофордың қызылындай жанарыңа үңіледі. Артынан басын шайқап, үндемейді-ау, күйдіргілер.

Модульдерді неге қабаттастырып қойдыңдар деген сұраққа бір бастық дұрыстап жауап бермеді. Біздің білімді тексергені ме? Алдымен диагнозын қоймай ма, зерделеушілер? Сонан соң емдеу керек. Мұнда керісінше.

Мүмкін біздің аттестациямызда шикілік бар? Ақшамен өтпей жадный болдық па?

Үндемейді бастықтар. Білмейтін де шығар, не үшін алдымен модуль енгізгенін.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.