Бокс төрешілеріне күмән көбеюде

0
159

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерінде жұмыс істеген кейбір төрешілерге қатысты PBU (Paris Boxing Unit) тарапынан күмән келтіріп, төрешілердің бейтараптылығы мәселесіне назар аударуды сұрады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Олимпиада ойындарындағы бокс турнирінің ұйымдастырушылары бұл ескертулерді назарға алып, жағдайды анықтауға уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты тексеріс басталды.

Сонымен қатар, бұл процедура жекпе-жектердің нәтижелеріне ешқандай әсер етпейтінін атап өткен жөн. Регламентке сәйкес, өткен жекпе-жектердің нәтижелері қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің жұмысына қатысты қателіктер анықталған жағдайда, оларды қызметінен шеттетуі мүмкін.

Фото көрнекілік үшін алынды.