Күзде Алматыда сол іспен бір ай жүрдім. Қанша рет Жанқош Тұраровпен очная ставканы қайта өткізейік деп, талап қойдық. Прокурордың қаулысында да “бетпе-бет кездесу өткізілсін” деп, нұсқау берілген. Ары қашты, бері қашты, “қатты ауырып қалды”, (бірақ инстапарақшасындағы көрініс мүлде басқа) адвокаты тергеудің бүкіл шешім-қаулыларына шағым түсірді.“Бір рет жауап бердік, енді жауап бермеуге қақымыз бар” деді. “Тергеу шақырса, келмей қоюға қақыларыңыз жоқ. Жауап беру, бермеу - құқықтарыңыз. Ал қылмыстық заңның талабы бойынша шақыртуға келуге міндеттісіздер” деп, түсіндіру жұмыстарын да жүргіздік Шынымен аппақ болса, жала жабылып жатса, керісінше қашқақтамай, келіп, бетпе-бет кездесіп, көзіне қарап тұрып, “Мен сені зорладым ба? Қашан зорладым? Бәрі екеуміздің еркімізбен болып еді ғой” деп, уәжін айтпай ма? Жәбірленушінің айтатын уәждеріне жауап таппай қалам деп, қорқақтап, келмесе, демек, оған негіз бар боп тұр деген сөз. Қан тапсырмай, қанша уақытты алды. Тергеу мәжбүрлеп алуға санкция да берді. Оған шағым келтірді. Сотқа да, прокурорға да шағымданып, шағымдары қанағаттандырылмағасын, екі-үш ай уақытты текке алып, ақыры ертең очка болатынын хабарлап тұр. Отырған енді, бас қатып. Екі оттың ортасында Алматыға ұшайын десем, таңертең маңызды қабылдау, сол үшін пәлен мың шақырым жерден адам келіп отыр. Тағы екі шара да бір уақытта. Қабылдау-9 30-да, тергеу амалы - сағ.10 -да. Әркім өз жұмысын істейді, әрине. Адвокаты да өз міндетін орындаған болар, оған дауымыз жоқ. Бірақ адам (еркек демей-ақ қояйын) атына лайық боп, істегенін мойнымен көтеретін ерлерді түсімізде көретін заман болды.. Жәбірленушіні де керемет парасат иесі дей алмаймын. Қандай болса да, ақымақ па, өзі кездесті ме, жеңіл жүрісті ме, қысқа киіп, түнде жүре ме-оның бәрі қылмысты ақтауға келмейді. Зорлық жасалды ма, жауап беруі керек. Тіпті заңды әйелін де еркінен тыс ж/қ-қа мәжбүрлесе, зорлау боп танылатынын ұмытпаңыздар. Құқықтық мемлекетпіз бе, заңға бағынайық. Боксердың әйелінің тірлігі тіпті ерсі болды. Басы-қасында болмағасын, әркім өз орнын білудің орнына, ел алдында жәбірленушінің абыройын түсіруге әбден тырысып, бақты. Жан-жақтан лас ақпараттың бәрін теріп, жариялап. Кей кездері осы істегі бүкіл тараптардың, олардың туыстарының іс - әрекеттерінен жиреніп кеттім. Бірақ амал жоқ, кәсіби міндеттен бас тарта алмайсың, сондай лас дүниеге куә болып, дау-дамайдың ішінде жүруге тура келеді. Соңғы кезде органдардың қитұрқылықтарынан, әділетсіздіктен морально шаршағаным сондай, істер туралы мүлде жазғым келмейтін бопты.. P.S. Әр іс әр түрлі. Тараптар да әр түрлі. Қорғап жатқан адамның өзі, туыстары сауатты, көздері ашық, шын жанашыр болса, ондай істер қанша ауыр болса да, қиындығының өзі қуат береді. Ол шынын айтқанда, лауазымды тұлғаларға қатысты істерде байқалады. Қанша шенеунік десек те, басқа десек те, ел басқарған, ұжым басқарған тұлғаның ой-өрісі, білімі, деңгейі жоғары болады. Бір-біріміздің ойымызды тілдің ұшынан-ақ, кейде айтпай түсінесің. Сауатты адамның пайымы да сауатты. Бір команда боп, үйлесіп кетесің. Ал кей істерде, әсіресе қоғамда резонанс болған істерде тараптардың кейбірінде, тіпті көбінде (практикадан байқағаным осы уақытқа дейін) “жұлдыз ауру” пайда болып, “менің ісім жайлы посттарыңыз тоқтап қалды ғой” деп, міндетсініп, әңгіме айтып, одан бос емеспін деп, кергіп, телефон көтермей, (сол іс тап маған керектей) жүйкеңе тиетін жайттар болады) Керемет гонорар төлеп, сосын міндетсінсе де, бір жөн ғой) Тиынын да алмай, әділдік үшін деп, “қылышымды арқалап” шауып кететін өзімнен де бар, негізі. Бірақ әділетсіздікті көріп тұрып, қалай үнсіз отырасың? Ол да адамдыққа жатпайды.Қанша тырыстым, өйтіп те отыра алмайды екем. Ләззат АХАТОВА, заңгер. Facebook жазбасы. Фото интернеттен.
"Боксердің әйелінің тірлігі тіпті ерсі болды" дейді заңгер Ләззат Ахатова
-
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны жөніндегі жол картасын әзірлемек13:30, 19 желтоқсан 2025
4
-
Журналист елбасының тоқалына қатысты құпияны жариялады13:00, 19 желтоқсан 2025
95
-
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады12:30, 19 желтоқсан 2025
32
-
Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы анықталды12:15, 19 желтоқсан 2025
18
-
"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды12:00, 19 желтоқсан 2025
141
-
Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысын қабылдады11:30, 19 желтоқсан 2025
31
-
Зейнеткер сотта әділдікті талап етіп, жеңіске жетті11:23, 19 желтоқсан 2025
25
-
"Жас қызға құмарта қараған" Тұрсын Алагөзов сынға қалды11:00, 19 желтоқсан 2025
130
-
Айдана Меденова: "Қоштасуға себеп бар"10:24, 19 желтоқсан 2025
147
-
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді10:04, 19 желтоқсан 2025
33
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31740
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17425
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17314
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
17052
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12186
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11238
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11141
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10212
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9985
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9296