Бозымбаев журналистерді ренжітіп алды

0
54

Журналистер премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан су тасқыны тағы қайталанса, отставкаға кетуге қаншалықты дайын екенін сұрады. Бозымбаев бұл сұраққа ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіхабарлайды. 

Журналистер премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан су тасқыны тағы қайталанса, отставкаға кетуге қаншалықты дайын екенін сұрады. Бозымбаев бұл сұраққа ашуланды.

Үкімет отырысында Қанат Бозымбаевқа келесі жылы тағы да су тасқыны болса, онда отставкаға кетуге дайын ба деген сұрақ қойылды.

“Қандай сұрақ қойылса, сондай жауап аласыздар. Сұрақты дұрыстап қойсаңыздар, мен де дұрыстап жауап беремін. Хайп қуалаған сұрақ. «Келесі жылы су тасқыны болса, жұмыстан кетесіз бе?» деген не сөз? Келесі жылы ауа температурасы қандай болатыны, жауын-шашынның қандай боларын кім болжай алады? Мұндай болжам жоқ. Болды. Оны ешкім айта алмайды», – дейді Бозымбаев.

Ол журналистердің сұрағын түзеп, «Егер су тасқыны болғанда шара қолданбай, үлкен шығынға ұшырасаңыз, кетуге дайынсыз ба, жоқ па?» деді. Бозымбаев мұндай жағдайда кетуге дайын болатынын айтты.

“Мен ұзақ жыл үкіметте жұмыс істеп, талай журналистермен араластым. Тақырып бойынша сапалы сұрақтар қойыңыздар, хайп қуалаған сұрақтарыңызға лайықты жауабын аласыздар», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Брифингтен кейін журналистер Бозымбаевтың бұл сөзіне шамданды.

Фото интернеттен алынды.