«…бүкіл Орта Азия қазақ атанады» дейді саясаттанушы

0
177

Жаңбыр жауғызғыш Алтай Айнабек деген жігіт туралы кеше біраз интернет шолып шыққан едім.

Бәлкім Аралды толтыру, қалаларға жаңбыр жауғызу, Алматының ауасын тазарту деген нәрселер бұл жігіттің қолынан рас келер, келмес.

Бұл жігіт расында бір гений шығар, әлде бір шарлатан ба, оны уақыт көрсетеді.

Бірақ бұл жігіт қазір «дерзкий» қадам жасап, өзіне көп алып отыр.

Егер Алтайдың айтқанының 20% қолынан келіп оны іске асырып жатса да оны тек қолдау керек. Ең құрығанда талабын құрметтелік.

Жалпы біздің қазақ жастары өте дарынды.

Өткенде бір досым айтады, бізде мықты айтишник жастар өсіп келеді, олар күшті, халықаралық деңгейдегі сапалы стартаптар шығарады. Бәрі өзіміздің қазақ жастары дейді.

Олар жақсы оқу орындарында оқиды, НИШ, КИМЭП дегендей. Жастар ағылшынша, қазақша екі тілде сауатты, білімді, ақылды.

«Менің көзім көріп, көңілім марқайды, тфә тіфә жастарымыз мықты, бекер жамандай береді екенбіз» деп қатты мақтады досым.

Америкадағы ғылым орталықтарында да біраз қазақ жастары жұмыс істейді деді.

Тағы бір әңгіме, өткенде мен өзім бір видео қарап отырсам, бізде Шымкентте Англия оқу орынын бітіріп келген қазақ жастары «тұңғыш қазақ электромобилін шығарамыз» деп өз қолымен авто құрастырып жатыр екен.

Оны түсіріп жүрген ресейлік блогер «қазақтар мықты» деп қояды.

Жастар рас мықты.., мектептерден халықаралық сайыстарға барып физикадан, математикадан жүлделі боп келіп жатқан қазақ балалары қаншама.

Оған бізде ешкім мән бермейді. Ал жапондардың алпауыт компаниялары өз елдерінде мектеп жағалап ондай балаларға құда түсіп жүреді екен.

Өнерде де кенде емес, Димаш, Самал, Иманбек дегендей..

Қазақ жастары өнерде осы аймақты, тмд елдерін түгел бағындырды. Бұл құрғақ сөз емес.

Қайрат Нұртас шегіртке, андай — мындай деп менсінбейсіздер, басқа елдерде сол Нұртастың өлеңдерінен каверлер жасап оны өзге тілге аударып айтады.

Астындағы үздіккен комментерді оқысаңыз, Қайрат Нұртас халықаралық жұлдыз боп алған тәрізді.

Түбі осы сапалы жастар бұл елді қатты өзгертеді.

Келешекте бұл елдің жемқорлығын да жояды, зауыт фабрикаларын да ашады, зәулім қалалар тұрғызып бұл жерден көркейген ел жасап шығады осылар.

Қазіргі қазақ жастары өте дарынды. Ақын Мағжан осындай жастар туралы айтса керек.

Біздің қазіргі демографиялық бала туу коэффициенті өте жақсы, яғни туу көрсеткішіміз әдемі — ақ, тұрақты түрде көбейіп сан қосып жатырмыз, тіл көзден сақтағай.

Енді бір нәрсе анық, қазақтың саны 30 миллион болғанда, бүкіл Орта Азия қазақ атанады, ал санымыз 80 — 100 млн ға жеткенде, Азия құрылығын толық қолға аламыз.

Олжас ӘБІЛ, саясаттанушы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.