Бұл — әдейі қазақты жоюға бағытталған жоба

0
876

Қазақ қазаққа іріткі салмайды. Әсіредіншілдер өте жалақор, пәлеқор, өтірікші, суайт, алаяқ. Өздері тегін садақа алу үшін момын қазақты арабтандырмақ боп қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығарады, тарихын бұрмалап, қазаққа іріткі салады.

Соңғы кезде тіпті қазақтың өзіне пәле жауып, «Тәңіршілік қазаққа іріткі салатын болды, бұл қазақты жою жобасы» деп сарнай бастады.

Бәріміз қазақпыз дей тұра қазақтың салтын жек көреді, жеті аталық тектілігін жойып педофилия мен инцестке баулығысы келеді, ұлттық тәрбиені, тілді қолдаған кісімсіп, монтансып, әр сөзіне хиджабты, намаз бен қажылық, садақаны қыстырып,  4-5 тоқал алу, талақ өзімнен деп аңқау елді адастырады.

Айтатыны- нәпсі. Олар үшін әйел адамның әуретті жерлері ғана маңызды. Ойы белден төмен, бұттың тап ортасы мен жұқа шап, сан, балтыр. Өздері адамнан тумаған сияқты. Бұлардың дені тексіз сарттар мен тегін садақаның дәмін алған сатқындар.

Тәңіршілдер қытайшыл, моңғолшыл, қалмақшыл, адамын жерлемей, далаға тастайды, шаманға табынады деп қояды. Қытайлар дао мен конфуций ілімін ұстанатынын, қалмақтардың шоқынып кеткенін, моңғолдардың буддизмде де емес, ламаизмде екенінде, тәңіршіліктің шаманизмнен бөлек, діннен де жоғары дүниетанымдық қағида екенінен хабары жоқ.

Әйтеуір тисе- терекке, тимесе- бұтаққа, оңды-солды ойдан шығарып пере береді. Бар айтары «Өлесің, өлімнен қорық, біздің ақыретіміз бен қиямет-қайымымыздан қорықсаң бүркен, еңкей, тоңқай, арабқа құл бол, садақа бер» дейді.

Қазақ дұрыс өмір сүріп, дұрыс өлу үшін туады. Бұлар бұ дүниені тозаққа айналдырғысы келетін сияқты.

Тып-тыныш Тәңірі мен Алласын салт-дәстүрімен қабат ұстанып келе жатқан тәңіршіл мұсылман қазаққа осы діни ағымдар 1990 жылдан бері өздері іріткі салып жатқанын елдің бәрі, тіпті дүние жүзі көріп отыр.

Осы радикал ислам- қазақты жойып, араб қылудың жобасы екенін қазақ сезбейді. Сауатсыз уағызшылар қазақтың Сақ, Ғұн дәуірінен бері, ислам діні пайда болмай тұрғанда, орыс та, қалмақ та болмаған кезде қытайларды Ақ қорғаннан бері аттатпай, Тәңірінің қуатымен дүние жүзін жаулап, өз қағанаттарын құрған тарихын қалай жоққа шығармақшы?

Оны оқып көрген де жоқ. Жаратылысынан тәңіршіл, Атлақ-Таласта арабтарды қытайға қырғызып, жерінен қуып шыққан түркеш пен қарлұқтың мұрагері, арабтарды 6 ғасыр билеген османлы түріктің туысы, Араб халифатын құлатысқан, Отырарды сарт пен арабтан азат етіскен Ұлы Моңғол империясының әскері, ғасырлар бойы талай дінді ауыстырса да Тәңірінен бір сәт танбаған, хандары мен батырлары, алашшылары да тәңіршіл болған Ұлы Даланың иесі қазақ өзін-өзі жоймайды. Сөзде де қисын болса керек еді.

Бұлардыкі өліммен қорқытып, әдейі дөңайбат бопсамен елді құлату. Басқа түк емес. Шам сөнерде лапылдайды деген сөз бар.

Авторы — Самат САҚ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.