Бұл — әйелге өз бауырын жау етіп көрсету емес пе? (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған төмендегі видеодан екі түрлі сұрақ туындады деп жазады Democrat.kz. тілшісі.
Видеода мұсылман қыздарға білім, тәрбие беріп тұрған әйел: «Сендердің денелеріңе ешкімнің рұқсатсыз қол тигізуге қақысы жоқ. Егер біреу денеңді ақырын ұстаса, не деу керек? «Жолама! Тиіспе! Аулақ жүр!» дейміз.
Үйде ешқашан еркек атаулымен оңаша қалмаймыз. Өзімізден жасы үлкен еркекпен, ағаларымызбен, алыс туыс ағалармен, бауырларымыздың достарымен ешқашан үйде оңаша қалуға болмайды.
Туған-туыс еркекпен оңаша қалсаң, бірден бөлек бөлмеге кет. Әйтпесе, еркекпен оңаша қалса, еркек бірден денеңе қол жүгіртіп, «ешкімге айтпа» деп тиісе бастайды. Ондай кезде «тиіспе!» деп «маған ұнамайды» деп бірден шешеңе айт» — деген үйретушіні мақұлдап отырған 8-9 жасар қыздар бас шұлғып отыр.
Өкінішке қарай, бұл дәріс қай жерде, қашан өткенін, сонымен қатар дәріс беруші мен оны тыңдап отырғандардың кім екенін де анықтай алмадық.
Туындаған сұрақ: «Денеңе ешкімнің қолы тимесін» деу арқылы мына үйретуші қыздарды тіпті өз бауырларынан алыстатып, бүкіл еркек атаулыға жеккөрінішін оятып жатқан жоқ па?
Еркек атаулыдан қыздарымызды былай қорғайтын дәрежеге жетуіміз — осындай дәрістер мен осындай кісілердің арқасында емес пе? Қалай ойлайсыз?
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото видеодан скринделді.