Үйді ұлға әперу керек пе, қызға ма? Бұл сауалнама желіде сұмдық талас тудырды

Үйді ұлға әперу керек пе, қызға ма? Бұл сауалнама желіде сұмдық талас тудырды

Астаналық әйелдің ұлына немесе қызына – кімге пәтер сатып алатыны туралы сауалнама сұрағына берген жауабы желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Әйел "Үйді ұлыма алып берер едім. Өйткені қазақтар үшін ұл қызға қарағанда жақын" дейді. Видео 20 000-нан астам қаралым мен 500-ден астам пікір жинады. Желі қолданушылары ашуланып, сол сәтте қызының қасында болғанын атап өтті.

"Біз байғұс қыздың өмір бойына психологиялық жара алғанына куә болдық", "Қыздар, бірінші әйелді естеріңде сақтап алыңдар және оның ұлынан аулақ болыңдар", "Қазақтар үшін ұл жақын, ал қыз асыранды ма екен?" деп жазды желідегілер.

Сауалнама Астанада жүргізілді. Тұрғындарға егер балаларына үй сатып алу мүмкіндігі болса, қай баласына алып берер еді деген сұрақ қойылды.

Көпшілігі қыздарына пәтер сатып алатынын айтты, бірақ кейбіреулер, осы әйел сияқты, ұлдарын таңдады.

Барлық жаңалықтар