Әлеуметтік желіде "өткен" беташар жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Инстаграм әлеуметтік желісінде әзіл үшін түсірілген виде жұртты күлкіге қарық қылды. Видеода келін түсіру, беташар рәсімін түсіру кезінде "келін" рөліндегі балақайдың етегі ашылып кетіп, ұл екені көрініп қалды.
Видеоға қатысты жұрт тоқтаусыз пікір жазуда. "Той болмайтын болды. Келін трансгендер шықты", "беташар емес басқа ашар болды ғой", "осы да әзіл ме, ұл баланы келін етіп, ұят емес пе", "келін емес, амилай болды ғой", "беташарды ойынға айналдыруға болмайды" дегенге саятын пікір жазуда.