Әуежайда ұшақ алапат өртке оранды

Әуежайда ұшақ алапат өртке оранды

Бразилияның Гуарульюс қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағында жолаушылар тасымалдайтын ұшақ өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TV Globo басылыына сілтеме жасап хабарлайды. 

LATAM әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 бортына жүзден астам жолаушы болған. Ұшақ Порту-Алегри қаласына ұшуы тиіс еді. Алайда жолаушылар мінген бойда оларды борттан түсуге шақырған.

LATAM өкілдерінің айтуынша, ұшақтағы жабдықтардың бірі өртеніп, содан шыққан түтін қауіпсіздік жүйелерін іске қосқан. Жолаушылар телетрап және авариялық үрленетін трап арқылы эвакуацияланды.

Өрттің нақты себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Барлық жаңалықтар