«Бұл үкім емес, бұл -күлкі» дейді депутат

0
192

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үкімі мен 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдымен Ермұрат Бапи Самат Әбіштің үкіміне қатысты айтты.

Бұл үкім емес, бұл – күлкі. Сегіз жыл пробация — мұндай жаза бар ма? Оған сегіз жыл бергенше, төрт жыл түрмеге қамау жақсырақ. Қандай күлкілі жаза, – дейді депутат.

Бұдан соң Бапи 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары туралы айтты.

Самат Әбіш мәселесіне, жалпы Қаңтар оқиғасы мәселелеріне қайта ораламыз. Бұл жабық тақырып емес. Енді, менің ойымша, бізге біраз күту керек, өйткені одан да маңызды сұрақтар бар.

Қазіргі уақытта бізде экономика дағдарысқа ұшырады, біз жаңа Қазақстанды салып, ескі Қазақстанмен күресіп жатырмыз, ескі Қазақстанға қатысты диверсия, билікті күшейту сәттері де бар, — деді ол.

Фото интернеттен алынды.