«Дәлел видеосын көрсетсін» дейді мұсылмандар
Ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанайдың экс-бас имамына жала жабылды деп әлеуметтік желі біткен желдей есіп бастады деп жазады Democrat.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық «Нұр» мешітінің өкілдері «сенбейміз» деп видео-үндеу жолдады. Видеода сөз сөйлеген жігіттің бірі: «Бурабай полициясына хабарластым. Қостанайдың бұрынғы бас имамы Бақытбектің ұсталғаны кезінде түсірілген видео-дәлелді көрсет деп. Ол видеоны соттан аласың деді. Маған бас мүфти Наурызбай қажының логикасы түсініксіз. Күмәнім бар. 2022 жылы мүфтиді орнына алып тастау керек, мен оған сенбеймін деп жазған болатынмын. Мүфти ретінде бір звонок жасағанда, қазіргідей шу шықпас еді. Облыстық имамды ішкен, дискотеканың қасында табылған етіп көрсетпес еді ешкім. Видео дәлел жоқ»,- деген ол тараған ақпараттың бәрі жалған деп, бүкіл БАҚ терістеме беруі керегін айтады.
Видеоның соңғы жағында біреулерді «диверсант» деді. Кімді? Тәңіршілдерді ме?