Дәрігер-гинеколог тоқалдарға ескерту жасады
ТикТок әлеуметтік желісінде дәрігер-гинеколог арнайы үндеу жасап, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
«Құранда бір еркектің бірнеше әйел алуына рұқсат бар. Алайда бір еркекке әйел болған бірнеше әйелдің денсаулығы туралы ешкім ойланбайды. Дәл қазір менің емдеуімде сондай әйелдің бірі бар. Бір еркекке әйел болған сол әйелдердің бәрінде вагинит ауруы бар. (Вагинит ауруы — әйелдердің гинекологиялық қауіпті ауруы)
Вагинитті емдеу өте қиын. Бір еркек бірнеше әйелімен төсектес болуы үшін презерватив қолдануға тиіс. Алайда олардың діни сенімінде ондай қорғанышқа тыйым салынған екен»,- деген дәрігер әйелдерге гинекологиялық саулықтарын сақтауды қатаң ескертті.