Депутат «Штрафстан» дегені үшін қатты өкініпті

0
294

Депутат Азат Перуашев алдында ғана Қазақстанды «Штрафстан» деп айтқаны қате болғанын мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды мазақ қылуға бейім азаматтарға қатаң ескерту жасап, бұл үрдістің күшейіп бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, тіпті кейбір депутаттардың да елді түрлі атаулармен келемеждеуге көшкенін сынға алды.

 

«Сәтсіз термин қолдандым. Бұл бізге парламентте ресми тіл қолдану керек екеніне сабақ болды», – деді Перуашев.

Сонымен қатар, президенттің кешегі ескертпесі орынды екенін айтты.