«Дикий Арманның» досы, Келімбетовтің күйеубаласы ұсталды

0
248

Жаңа жыл түні Дубайда Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушы Эдвард Сабировқа шабуыл жасалды. Жанболат Серіков тонаған топтың арасында болған. Бас поркуратура Bes.media ақпараттық порталының сұрағына жауап беріп, Жанболат Серіковтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жанболат Серіков ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің күйеу баласы екені анықталды. Әрі күдікті «дикий Арманның» досы.

 

Ол Бакуде Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарының өтініші бойынша ұсталды.

«Қазақстандық құқық қорғау органдары Жанболат Серіковтың қылмыс жасағаны үшін іздестірілмегенін мәлімдеді. Осыған байланысты оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қазіргі уақытта қаралмады», деп түсіндірді бас прокуратура.

Айта кетейік, қаңтар айының басынан бастап түрлі ақпарат көздері қарулы шабуыл мен 327 мың доллар ұрлау ісіне байланысты Анорбек Төмібаев пен Есболат Кенжеғазының ұсталғанын хабарлады. Олар Ресейден ұшып шығуға тырысқан кезде бірі Внуково әуежайында, екіншісі Домодедово әуежайында қолға түскен. Айта кетерлігі, ұсталғандардың өздерінен ақша табылмаған. Болжам бойынша, күдіктілер БАӘ-дан ұшар алдында ақшаны криптовалютаға айналдырып үлгерген болуы мүмкін.

Orda.kz-тің мәліметінше, шабуылды ұйымдастырған — Жанболат Серіков. Ол 1985 жылы Маңғыстау облысында туғанымен, қазіргі уақытта Алматының элиталық ауданында тіркелген. 23 желтоқсанда Дубайға ұшып кетіп, 3 қаңтарда Стамбұлдан Бакуге келген кезде ұсталған.

Біз оқиғаның «басты кейіпкеріне» тереңірек үңілгенімізде, оның атына 3 миллиард теңгеден астам қарыз тіркелгенін анықтадық. Оның ішінде:  — «Банк Фридом Финанс» алдындағы берешегі — 90 миллион теңге,  — «Банк ЦентрКредит» — 800 миллион теңгеден астам,  — «ForteBank» — 2,3 миллиард теңге.

2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оған Қазақстаннан шығуға тыйым салынған.