Димаш хабарландыру жасады

0
368

Әнші Димаш Құдайберген Астанада концерт бермекші, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр.

Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің Stranger атты жеке концертім өтеді», — деп жазды ол.

Әнші билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми аккаунттарыма назар аударып жүруді ескертті.

«Концертте кездесейік, достар!», — деді әнші.

Фото интернеттен алынды.