Диплом сатып алған кей мұғалімдердің кесірінен қоғам бүкіл мұғалімді сауатсыз санауда

0
1031

«Мұғалім сауатсыз» дейтін сөз қоғамда тоқтамай тұр. Осыған байланысты білікті ұстаз Мира Барқазатқызы өз пікірімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Шындығында да біздің мұғалімдер сауатсыз ба? Қай аймақтың мұғалімдерінің білімі төмен? Қандай себеп бар? Осындай сұрақтардың жауаптары ашық берілуге тиіс дейді білікті ұстаз өз пікірінде.

«Жан-жақтағы ақпаратты оқи отырып, соңғы кезде “мұғалім сауатсыз” дегенді жиі естіген соң, Шымкенттік әріптестеріме (мұғалімдерге) ара түсе бергенім рас.

Тіпті, мектепте де алдымен мұғалім үшін әкімшілікке тіке сөйлейтінім бар. “Сауатсыз мұғалім” деген сөз шымбайға “нысаналы мектеп” дегенмен бірдей тиген.

Қай бір күні белгісіз нөмірден қоңырау соғылды. Өзін таныстырған жас жігіт Шымкентен хабарласып тұрғанын айтты. Телефонымды табу қиын емес, Шымкенттен де біраз әріптестерім бар еді, бірі берген болар.

Атқарылып жатқан біраз істің бетін ашты. Нақты дерек, салыстырмалы талдауы да көңілден шығып тұр. Тыңдап тұрсам, ісінен нәтиже шығарғысы келген қайраткерлік танылады.

Бір облыс тұрмақ бір мектептегі 6-7 мұғалімнің білім деңгейі әртүрлі екені ақиқат. Жалпы мұғалімді 100% десек, дипломды сатып алған, сырттай оқығандар ары кетсе 20% болса да жанымызға батып тұр.

Тарзартылса, тазартылсын. Сондайларды жұмысқа алған директорлар да жауап берсін! Қуанбасақ, ренжімейміз. Бірақ атын-атап, бәрімізге танытып айтқаны жақсы болар еді.

Жемқорлықтың, парақорлықтың, кландық стильдің, трайбализмнің көбесі Оңтүстіктен бастап сөгілсе, аз уақытта елдің дамуы жаңа сатыға көтерілер» дейді Мира Барқазатқызы.

Фото көрнекілік үшін.