Дональд Трамп кей сөздерді қолдануға тыйым салды

0
73

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі ресми құжаттарда қолдануға болмайтын сөздер мен терминдердің тізімін енгізді. Бұл өзгеріс мемлекеттік мекемелерге жіберілген құжаттар арқылы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

The New York Times жариялаған мәліметтерге сәйкес, АҚШ үкіметінің әртүрлі мекемелері «инклюзивтілік» (inclusivity), «гендерлік теңдік» (gender equity), «әлеуметтік әділеттілік» (social justice), «ЛГБТ», «гендер», «бала емізу» сияқты жүздеген сөз бен тіркесті ресми құжаттар мен қоғамдық материалдарда пайдаланбауға нұсқау алған.

«Трамп әкімшілігі бұл өзгерістерді «меритократия қағидаларын қорғау» мақсатында қабылдағанын түсіндіреді. Алайда сыншылар бұл саясатты сөз бостандығына шектеу қою және әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауды тоқтату әрекеті деп бағалап отыр», — делінген материалда.

Бұл шешім АҚШ қоғамында үлкен дау туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен сарапшылар мұндай шектеулер көптүрлілік пен теңдікті насихаттайтын бастамаларға қарсы бағытталғанын айтады. Сонымен қатар, кейбір сарапшылар тыйым салынған сөздер тізімі болашақта кеңейтілуі мүмкін деп болжайды.