Дзюдошыларымыз алда келеді
Дзюдодан Гонконгтағы Азия чемпионатының соңғы күнінде аралас командалық сайыс өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Азия чемпионатының соңғы күнінде аралас командалық сайыс өтіп жатыр. Қазақстандық балуандар ширек финалда Үндістан құрамасын 4:0 есебімен жеңді. Айдар Арапов шешуші белдесуде қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, ұлттық құрамаға жеңіс алып келді. Жеңіс тұғырынан көрінген балуандар: Бахыт Құсақбаева (-57 кг); Асқар Нарқұлов (73 кг); Екатерина Токарева (70 кг); Айдар Арапов (-90 кг). Қазақстан құрамасы жартылай финалда Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңген Жапониямен командасымен күш сынасады.
Фото ашық дереккөзден алынды.