Еден жуушыға кәмпит беру — құрмет пе, әлде ұят па?

0
511

Мекемелердегі кіші қызметкерлерді (әдетте, еден жуушыларды) шақырып, ұжым болып тәттілер ұстату трендте екен қазір.

Өзім түсіне алмадым бұл трендтті, бәлкім балалары анасының еден жуып жүргенінен намыстанып өсіп келеді ме екен, сондай күйде желіде жүргенін көргісі келеді ме екен, немесе еден жуушының өзі әлеуметтік желіде осындай күйінде жүргісі келеді ме/келмейді ме екен?!

Әйтеуір, жақсы өмірден еден жуып жүрмегені белгілі. Тіпті бір видеода бастық(сымақ) “мына жерді дұрыс жумадың” дегендей пранк жасап алып кеп, жекіп, ана байғұсты “жынды қып” (басқаша қалай айтса болады?!) соңы тәттілер беріп, бірнәрсе болды.

Мен тәттілерді толтырып бергеніне қарсы емеспін, қайта қуаныштымын, тек науқаншыл, жарнамашыл арзан уақытша трендттер кезінде аймандап бергенге қарсымын.

Еңбек адамын дәріптеу деген бұндай арзанқол болмаса игі. Мынандай трендтер мерей өшіріп, еңбектің құнын түсіретіндей.

Еңбек адамдарын шын марқайтатын күнделікті қарапайым құрмет, шынайы еңбек бағалау, қажет болса намысына тиіп алмай, жасырын жақсылық жасау арқылы қолдау шығар деп ойлаймын.

Ондай ұжымнан еңбек адамы ешқашан кетпейді деп ойлаймын.

Баян АХАТАЙ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.