Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қоштасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық теннисші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», — деп жазды stories-те Рыбакина.
Фото интернеттен алынды.