Елімізде психикалық ауытқуы бар бала саны артуда

0
101

Қазақстанда соңғы үш жылда мүгедек балалар саны 11,4%-ға өскен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды. Оның ішінде 57%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы – зейнеткерлер және 15%-ы – балалар.

«Жүргізілген талдау көрсеткендей, соңғы үш жылда балалар мүгедектігінің 11,4%-ға өскені байқалады. Мүгедектігі бар балалар құрылымында негізінен 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар басым»,  — дейді Жақыпова үкімет отырысында.

Аурулардың нозологиялық формаларының құрылымы бойынша 18 жастан асқан адамдар арасында психикалық ауытқулар (18%), қан айналымы жүйесі аурулары (17,2%), барлық жарақат түрі (13%) басым. Ал мүгедектігі бар балалар арасында жүйке жүйесі аурулары (26,6%), туа біткен ақаулар (25,1%) және психикалық ауытқулар (22,4%) көбірек кездеседі.