«Еліміздегі бүкіл медресе ғимараты балаларға берілсін» дейді қоғам белсендісі

Конституциядағы дін мемлекеттен бөлек немесе діни ұйымдарды ҚР үкіметі қаржыландыра алмайды деген зайырлы қағидаға ешбір құзырлы мекемелердің басы ауырмайды.
Оған нақты дәлел Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты әр өңірлердегі классикалық діни догмаға негізделген медреселерге әспеттеп колледж деп атау беріп, мемлекеттік қазынадан,яғни сіз бен біздің салығымыздан қаржыландырылуын айтар едім.
Атап айтқанда Қазақстанның 9 облысында орналасқан медреселерде 2504 шәкірт оқиды,соның ішінде ұлдардың саны 1568 ,ал қыздардың саны 936 екен.
Осы медреселерге үкімет жыл сайын миллиардтаған қаржы бөліп отыр.
Соған байланысты осы олқылықтарды жою үшін мүфтиятқа қарасты осы медреселерді жетімдер үйіне айналдырсақ деген бастама көтеріп, бұл мәселе туралы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы үндеу-өтініш те жазғам, бірақ өкінішке орай үмітім еш ақталмады.
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, тәуелсіз дін зерттеуші.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.