Еліміздегі қанды қара жолдар

0
254

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов адам өлімі көп тіркелетін трассаларды атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының трассаларында адам өлімінің деңгейі жоғары. Шілдеде Қарағанды облысы «Алматы-Екатеринбург» трассасының, жөнделіп жатқан учаскесінде екі апта ішінде 3 жол апаты болды. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен екі жол апаты болды, 4 адам зардап шегіп, 1-і қаза тапты. Мұндай фактілер әр аймақта бар», — деді Сәденов үкімет отырысында.

Министр шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет деп санайды.

Олардың ішінде облыс орталықтарының арасындағы трассалар бар:

Атырау, Ақтөбе және Орал;

Өскемен, Семей;

Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда;

Қарағанды, Павлодар және тағы басқа.

Мұнда ені 7 метр болатын екі жолақты жолдар орналасқан. Сондықтан бұл жерлерде бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады, дейді ІІМ басшысы.

«Елді мекендердегі инфрақұрылым мәселесі маңызды болып тұр. Жол апатының 85%-ы сол жерлерде болады. Өлімнің төрттен бірі – жаяу жүргіншілерді қағып кету. Олардың ең үлкен үлесі: Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарына тиесілі. Себеп – жаяу жүргінші жолдарының, жарықтардың, тротуарлардың болмауы», — деп атап өтті Сәденов.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.