Елорданың қақ ортасында кәріз суы Талдыкөл көліне ағызылып жатыр

0
164

2021 жылы Талдыкөл маңайында жаңа үйлер, коттедж қалашықтары, мектептер және басқа да нысандар салу мақсатында 70 гектар жерді құрғатып, топырақпен толтыра бастады. «Сығанақ 24 көшесінде орналасқан тұрғын үй кешені тікелей суға салынған. Ұлы Дала және Тұран көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер орталық кәріз жүйесіне қосылмаған», — дейді саясаткер Санжар Боқаев. Демек, кәріз суы Кіші Талдыкөлге төгіледі (7 телім). Суға кәріз иісі мен сапаның нашарлығы тән. Кәріз суы тікелей ағып жатқан құбырлар бір уыс балшық пен топырақ астында жасырылған. Сондай-ақ, Ұлы Дала мен Тұрандағы тұрғын үй кешендерінен созылып жатқан жеңдер мен құбыршектер табылды. Құбырдың ұшы бұрандамалармен жабылған, себебі түнде осы бұрандамалар шешіліп, кәріз сулары көлге төгіледі.

Сондай-ақ Талдыкөл көлінің жанындағы құрылыс қалдықтарынан тұратын, рұқсат етілмеген, үйіндісі байқалды. «Астана әкімдігімен су қорғау аймақтары су айдынының айналасына жолақтар ортанылды: су қорғау белдеуі 35 м және су қорғау аймағы су жиегінен 300 м белгіленді. Бірақ 300 м су қоймасында құрылыс қоқыстарына арнайы бөлінбеген  жер орналасқан», — деп айтты биолог және «SOS Taldykol» ҚБ басшысы Руслан Оразалиев.

Кіші Талдыкөл көлінің алдында Ellington Hills бренді (бұрынғы Astana Ceramic кірпіш зауыты) тікелей көлде 100 таунхаус пен 36 коттедждың құрылысын басқарып отыр. Олар өздерін Астананың жаңа орталығындағы және экологиялық таза аудандағы элиталық коттедж қалашығы ретінде көрсетеді. Бірақ олар салған үйлер толтырылған табиғи су қоймасында тұрғаны туралы және коттедждерінің артында құрылыс қалдықтарының орналасқаны жайлы айтпады. Сонымен қатар, құрылыс салушы компания, олардың премиум коттедж қалашығында табиғатпен үйлесімді өмір сүруге болады, деп сендіреді. Себебі олардың жанында Сал-Сері көркем аллеясы, көл және Кіші Талдыкөл жағалау паркі орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Талдыкөл көлі-Қызыл кітапқа енген құстардың мекендейтін орны. 2021 жылдың қыркүйегінде 11 жас қызғылт қоқиқаздар тобы Кіші Талдыкөлге ұшып келді, сонымен қатар аққуларды жиі кездестіруге болады. Кіші Талдыкөл көлінің аумағында құстардың 174 түрі мекендейді,- деп хабарлайды биолог және «SOS Taldykol» ҚБ басшысы Руслан Оразалиев.

Елорданың орталығындағы өткір иіске қала тұрғындары, әсіресе сол жағалау жиі шағымданады.

Фото интернеттен алынды.