«Ең өтірікші адам — біздің аналарымыз» дейді блогер қыз
Жұртқа түрлі ерекше сөздерімен танымал болған блогер Ақбота Әнуарбек кезекті бір пікірімен жұртты ойландырып қойды деп жазады Democrat.kz.
» Білесіздер ме? Бұл әлемде ең өтірікші адам кім? Ол — біздің аналарымыз. Аналарымыз өздері жемеседе, өздері ішпесе де, өздері көрмесе де, балалары көрсе екен деп, біз үшін барлық қолдарынан келгенін жасайды. Көйлегі жоқ болса да, «бар» дейді. Тәтті тамақ жегісі келсе де, «жемеймін» деп бізге береді. Неге? Ақша жетсін, балам кисін, балам жесін деп осылай өтірік айтады. Ал қазір өскеннен кейін біз де оларға қолымыздан келгенше жамандығымызды емес жақсылығымызды көрсетуге тырысайықшы. Баласы жақсы аналар қартаймайды, деген оймен келісесіз бе?» деп сауал тастады блогер.
Фото интернеттен алынды.
@akbota_anuarbek Аналарымыз өздері жемеседе, өздері ішпесе де, өздері көрмесе де, балалары көрсе екен деп, біз үшін барлық қолдарынан келгенін жасады🥺 Ал қазір өскеннен кейін біз де оларға қолымыздан келгенше жамандығымызды емес жақсылығымызды көрсетуге тырысайықшы🙌🏻 Баласы жақсы аналар қартаймайды, деген оймен келісесіз бе?