«Енді Қайрекең жайлы жазбаймын» деді Ләйлә Сұлтанқызы
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желі парақшасында бір жазба жариялап, оқырманын ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында журналист ендігі жерде жеке өмірі туралы, отбасы туралы фото жариялап, ештеңе жазбайтынын айтты.
«Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын, архивпен де бөліспеймін деп шештім. Әулетіміздің азаматы, жарым, балаларымның әкесінің есімі тек шаңырағындағы дастарханда ғана айтылып, еске алынғанын қалаймын. Бастысы біздің ниетіміз бен ішкі сезімдеріміз Аллаға аян
Ұлдарымды да сирек көресіздер. Себебі, екеуі ержетіп, ес жиып қалды. Жеке шекарасы, өз ойы бар азаматтар. Құндылықтары да басқа. Сондықтан, тек олардың рұқсатымен ғана…
@мариям-өмірімнің бір үлкен бөлшегі. Шамамыз келгенше дамып, өсіп, әлі біраз отбасыға сәбилі болуға көмектесу жоспарда бар. Әрине, сіздердің қолдауларыңызбен
@мариям-әлемді мейірім құтқаратынына тағы бір дәлел.
Анам — менің жүрегім. Бос уақытымның көбін Дишинкама арнаудамын. Барынша жарқын сәттер, естеліктер, фото/видео көп болса деген ойым ғана…
Анам өз анасының фотосын таппай, көзі мөлдіреп, тамағына өксік тығылған талай сәт есімде. Ауыр… мен оны қайталағым келмейді. Сол үшін Дишинканы желіден жиі көресіздер
Ұнамаса, таңдау өзіңізде
Жеке өмірге келетін болсақ,жеке өмір «жеке өмір» болып қала береді. Бәрі бір Алланың қолында. Мен бұрыңғы стереотиптің адамы емеспін.
Жұмыс-көп, екі қолға бір күрек. Адал ақша табуды құдайдан сұраймын, соған әрекет жасаймын. Ал ақша маған көп керек, себебі ұлдар өскен сайын хотелкалары да өсуде
Жақындарым, таныстарым жақсы біледі, дисциплинаны қатты сақтаймын. Өмірімді жұмыс, спорт, қоғамдық іс, хобби, денсаулық, отбасы болсын барынша баланста ұстауға тырысамын.
Сіздерден бір сұрарым, кеудеміздегі жұдырықтай жүрегімізді негативтен аулақ ұстайықшы. Маған да жан тыныштығы керек» деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Фото интернеттен.