Енді ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынбай ма?
БҰҰ-ның бес сарапшысы Қазақстан Үкіметіне «ЛГБТ насихатына» қарсы петицияны қабылдамауға кеңес берді. Олар бұл бастама қабылданса, қазақстандықтардың өз ойын білдіру құқығы бұзылады деген пікірде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сарапшылардың пікірінше, «ЛГБТ-насихатқа» қарсы петицияны қараусыз қалдыру керек.
«Бұл петицияның өзі біржақтылыққа негізделген және оның негізінде қабылданған кез келген құқықтық акт адам құқықтарының сөзсіз және заңсыз бұзылуы», — делінген БҰҰ сарапшыларының мәлімдемесінде.
Айта кетерлігі, «ЛГБТ үгіт-насихатына» тыйым салу туралы петицияны көпшілік алдында талқылау бүгін, 1 тамызда, өтеді. Қоғамдық талқылауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады.
Бұл – өтінішті қараудың соңғы кезеңі, яғни, қоғамдық талқыдан соң түпкілікті шешім қабылданады.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.