«Еркек өз мүшесіне ат қоюы керек» деген интим косметолог сынға қалды

0
321

Интим косметолог Айгерім Қайнарқызының ерлі-зайыптыларға берген ерекше кеңесі қоғамда үлкен дау туғызды. Ол ер адамның жыныс мүшесіне ат қоюды ұсынып, бұл қарым-қатынасты жақсартады деп мәлімдеген,деп хабарлайды Todayinfo.

«Еркегіңіздің есімі Марат болса, оны Майкл деп атаңыз. Сол сияқты, өзіңізге де ат қойыңыз. Бұл диалогтың мәдениетті болуына көмектеседі. Қоғамдық орында болсаңыз, «Майкл Оксананы құшақтағысы келіп тұр» деп жеткізе аласыз», – деді Айгерім Қайнарқызы.

Әлеуметтік желіде 1 миллионға жуық қаралым жинаған бұл видеоға қолданушылар наразылық білдіруде.

Желі қолданушылары:

«Бұл не сұмдық?! Инстаграмда кішкентай балалар да отырады.»

«Қазақстанда белден төмен әңгімеден басқа талқылайтын тақырып қалмады ма?»

«Осындай интим тренерлерге шектеу қою керек!»

Қоғамда интим тақырыптарды ашық талқылау қаншалықты орынды? Бұл сұрақ әлі де пікірталас тудыруда.

Фото дереккөзден.