Ес-түссіз жатқан қызға білгенін істеп, алтындарын тонаған таксист кінәсін мойындамауда

0
5332

Есінен танып құлаған қызға көмек көрсетудің орнына ойына келгенін істеген таксист өз кінәсін мойындамауда деп жазады Democrat.kz. тілшісі Дина Таңсәрінің әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап. 

Оқиға қалай болды? Кешкісін жұмыстан шыққан Милена жол жиегінде есінен танып құлайды.

Сол сәтте өтіп бара жатқан таксист ес-түссіз жатқан қызға жедел жәрдем, полиция шақырудың орнына, керісінше қызды көлігіне салып алады.

Жалдамалы пәтерге ес-түссіз жатқан қызды әкелген таксист оны зорлайды. Қыз есін жиғанда да, тағы күш көрсетіп, білгенін істейді. Бұл аздай, қыздың бүкіл алтындарын шешіп алады.

Милена полицияға арыз түсіргенімен, зорлау бойынша іс қозғалмайды. Милена әлгі жалдамалы пәтердің иесін тауып, сол жердегі төсек жабыны мен био материал бар шөлмекті алады.

«Не молчи KZ» пен БАҚ араласқан соң ғана, іс алға жылжи бастады.

Сот процесі басталды. Алайда таксист өз кінәсін мойындамай, қыздың өзі жатуға ұсыныс жасағанын айтуда. Сот процесі әлі бітпеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен.