«Ескі биліктегілер дуа жасап,магиямен айналысты» дейді саясаттанушы

0
230

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев ескі Қазақстандағы билік өкілдері дуа жасап, қара магиямен айналысқанын мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Dala-инсайдтың ТикТок арнасына сілтеме жасап.

Қ.Бишімбаев өз сот процесінде әлдебір экстрасенске жүгінгені туралы айтқан еді. Осыған орай саясаттанушы Досым Сәтбаев қазақстандық шенеуніктердің қандай деңгейде екенін көрсетіп бергенін айтады. Сонымен қатар саясаттанушы Бишімбаевтың әрекетін Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Пак Кын Хэнің әрекетімен салыстырады. «Ескі Қазақстанда Бишімбаев сияқтылар билікке керек болды. Былай қарасаң, білімді, интеллектуал сияқты көрінеді. Алайда ондайларда адами қасиет жоқ. Ескі Қазақстанның билік өкілдері дуа жасап, қара магиямен айналысты»,-дейді саясаттанушы.

@dalainside_tok

Ескі Қазақстан өкілдері дуа жасады, қара магиямен айналысты#далаинсайд #бишімбаев #dalainside #президент

♬ оригинальный звук — DALA INSIDE