Евроның 1/4 финалында кім жеңеді?

0
524

Қателессең — жейтін қоғам, футболдан қателессең де жейтін сияқты. Саясатты былай қойғанда …  Кеше Австрия-Түркия ойынында Түркияның жанкештілігі мен Австрияның сәтсіздігі бір күнге түскендей болып, болжамым қате шықты.

Соған ашуланған/табалаған жандар біраз сөз айтып тастады. Біреу тіпті: “Енді байқап жазарсың!” дегенге дейін барды. Неге байқауым керек? … странно.

Жарайды, енді Евроның 1/4 финалында кездесетін жұптар туралы ой-пікірімді жазайын. А вдруг дегендей ғой ))

Испания — Германия ойыны Евроның сәні ғой. Бірақ уақытынан ерте болып қойған сияқты. Финалға сай ойын болар еді, бірақ амал не? Кестеге бағынамыз. Бұл ойында екі құрама да гол соғады. 0-0 болмайды деп ойлаймын.

Испандықтар сәл жылдамырақ, сәл сәттілеу, сәл ұқыптырақ болып көрінеді. Жүрегім Германия жеңеді дейді, бірақ миым Испанияға жығылып жатыр. Есеп 1:1, 2:1 болатын сияқты.

Франция — Португалия ойынында логика жүрмейді. Сүреңсіз ойын көрсеткен Франция бір сәтте жарылуы мүмкін, Дешам бір сюрпризды дайындап-ақ отырғаны мәлім. Роналдо бастаған құраманың да бір ойлағаны бар екеніне сенімдімін. Бұл жерде кім бірінші соғады — сол маңызды сияқты. Екі құрама да қорғаныста мықты ойнайды. Ойын тағдырын 1 доп шешетін сияқты.

Англия -Швейцария ойыны қызық болады. Бұл ойында Швейцария жеңіске жететіндей болып көрінеді. Шакири, Варгас, Родригес ағылшындардың мазасын біраз алады. Англияға тек Беллингемнің/Кейннің жеке дара таланты көмектеспесе, командалық ойынмен Швейцарияны алатын Англия емес. Бұл ойын тең аяқталуы да ғажап емес. Болжам Швейцария 1/2 финалға өтеді.

Нидерланды — Түркия ойыны да 90 минут жанкүйерді эмоцияға толтырады. Егер Түркия кешегідей жанкештілікпен ойнаса, Нидерланды құрамасы жеңілуі де ықтимал. Бірақ Рональд Куман Түркияға қарсы антидот дайындайтыны да айқын.

Допты иеленуде әлбетте “Қызғалдақтар” елінің құрамасы алады. Түркия контршабуылмен ұрады. Ойында 3-4 доп соғылатын сияқты. Қызыл қағаздың да иісі шығып тұр. Екі құрама да гол соғады. Есеп 3:1, 2:2 шамасында болмақ. Шанс 51/49 Нидерланды пайдасында.

                                                                               Самат НҰРТАЗА,

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.