Фермерлер қауымдастығы Президентке хат жолдады

0
36

Қазақстанның мыңдаған фермері мемлекет басшысына үндеу жолдады деп хабарлайды Democrat.kz.

Құрамында 60 мың мүшесі бар Қазақстан фермерлері ассоциасиясы, 15 мын өкілі бар жер игеру Одағы, 150 ірі шаруашылығы бар көкөніс және картоп өсірушілер, Жамбыл облыстық қызылша өсірушілер осынау қиын шақта қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, Президент Тоқаевқа хат жолдады.

Фермерлер өздеріне Президент тарапынан қабылданған іс-шаралар нәтижесінде Үкіметтің көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

Сонымен қатар бұл хатқа Ауылшаруашылық қоғамдық бірлестігі басшысы мен түрлі саладағы Еңбек ардагерлері қол қойды.