«ФСБ» өз адамын АҚШ-ты басқаруға отырғызған ба?

Әлнұр Мұсаев шу асау Трампты сонааау құнан кезінде, үйірде жүрген жерінен «өзім құрық салып ауыздықтап қолға үйреткенмін» деген жазбасынан кейін , ертең таңертең Трамп ақыры маскім шешілген екен , онда «мә, саған керек болса» деп екі қолын сермеп Жириновский бауыры сияқты орысша сөйлеп кетпесін…
Ертең осы тақырып әлем бойынша хит болатыны анық…
Небір шетелдік журналистер Әлнұр Мұсаев деген кім деп гуглдан іздеп әлек болып кеткен шығар. Әлнұр көкем де кофесін жаймен ұрттап, ертеңгі «бурный интервьюге» толы болатын күніне дайындалып жатқан шығар.
Сіздерді қайдам, менің өзімде бірнеше сұрақ пайда болып тұр.
Егер (допустим) Әлнұр көке айтып отырғандай Трамп «фсбның» құлақ кесті құлы болса (пәмилиясы Краснов деді ме)…
Онда демократияның қайнар көзі деп есептелетін, біз ұлы деп атап жүрген Американың сайлауына ықпал етіп, АҚШ-тың әйгілі конгрессін тізе бүктіріп өздерінің агентін сол елдің президенті етіп отырған орыстың «фсбсына» (охренееть) деп шәпкемізді шешуден басқа амалымыз жоқ….
Ойбай-ау , әлемді ұршықтай иіріп отырған Америкаға өз агентін президент етіп отырса, «онда (шешеңді сыйлайын) біздікі не ырбаң, еу?» деген сұрақтар мазалайтыны рас па? Рас.
Логика деген ғылымды мен емес ойлап тапқан, гректің шалдары.
Енді қараңызшы.. «Фсб Трампты жүгендеп алған» делік..
Онда осы ақпаратты жазып отырған Мұсаевтың өзі де сол «фсбғ»а арқандаулы деген сөз емес пе? Мұсаев кім, Трамп кім?
Трампты жүгендеп алған «фсбға» біздің бірінші шал, екінші шалымыз деген чепуха емеспе.? Демек бұлардың бәрі «фсбға» қызмет істейді деген нұсқаны жоққа шығара алмаймыз ғой, иә?
Енді басты сұрақтың — бірі.
Онда Мұсаев арқылы бұл ақпаратты әлемге жайып салу «фсбның» өзіне қандай пайда әкеледі???
Осы жерде логика үзіледі.
Контора өз агентінің артын өзі ашып жынды ма?
Тем боле Трамп соңғы күндері өзін толық Ресейдің адамы секілді көрсетіп бағуда..
Аааа, типа Әлнұр Мұсаев ешкімге бағынбайды деген арам ой жылт ете қалды ма?
Қой ей! Қайталап айтамын.
Шу асау миллиардер Трампты жүгендеп отырған орыстарға, өзге елдің босағасында жүрген Мұсаев деген кім.
Басын қағып алады.. Оны Әлнұр беске біледі.
«Так што» гәп әлі алда достар…. Артын күту керек.
«Челночный дипломатия» дегеннің іргетасын қалап кеткен Генри Киссенджер екенін алдында жазған едім..
Дегенмен Украинаны, жау жүрек Украина халқын дәл осылай екі оттың ортасына тастай салады дегенге ішім сенбей тұр….
Медет АРЫСТАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.