Ғани Қасымов билікке ақыл-кеңес айтып, жол сілтеді

0
550

Инстаграм әлеуметтік желісінде парақша ашқан бұрынғы шенеунік Ғани Қасымов су тасқынының алдын алу туралы үкіметке ақыл-кеңес берді деп жазады Democrat.kz.

Қазіргі үкіметті «еститін үкімет» деп санайтынын жасырмаған Ғани Қасымов өзінің бұл ақыл-кеңесіне биліктегілер құлақ асады деп үміттенеді.

«Үкімет шұғыл арада су тасқынына қарсы стратегия бойынша жиын өткізуі керек. Жан-жануар мен адамдарды су тасқынынан құтқаруды үйрендік. Енді ағын сулардың жайылып кетпеуін қадағалап, жинақтап қоғамда керек дүниелерге жұмсауды үйренуіміз керек.

Бұл үшін су жинақтау-сақтау шаруасын қолға алу керек. Бұл іске қоғам болып атсалысқан дұрыс. 2025 жылы 25 плотина соғу жоспарлануда. Біз әрбір тамшы суды үнемдеуді үйренуіміз керек.

Менің кезімде аймақ басшыларының бірінші орынбасарлары бөгет соғу, плотина, карьерлерді толтыру сияқты жұмыстарға бастарымен жауап беретін» деп жазған Ғани Қасымов судың әрбір тамшысын мұқият пайдаланып, үнемдеу керегін айтады.

Фото экс-шенеуніктің парақшасынан.