Гүлзира Айдарбекова ұлына «подкаблучник» деді

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіндерінен аса алмайтын ұлдарына тиісті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсердің бұлай деуіне Астанадағы екінші ұлы Аян Нұртастың үйіне барып, қонақ болуы себеп болған. Ол дастархан басында ұлын көрмеген соң, асүйге барған. Оның Аян Нұртас әйеліне үй шаруасына көмектесіп, табаққа ет салып жатқан.
«Үйдің иесі не істеп жатыр? Келіншегіне көмектесіп жатыр өзі…», — деген сөзіне оның екінші ұлы Аян Нұртас «Бәрі өтірік, для видео» деп жауап берді.
Десе де продюсер «Қой алдамай қой. Ет турап, келіншегіне көмектесіп тұр өзі. Мұндайды не дейді Айгера, подкаблучник дей ме?», — деп әзіл-шыны аралас жауап берді.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бұған дейін үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға көмектеспегені үшін халықтан сын естіген болатын.