Хиджабтағы әйелдер Қазақстаннан кетпек пе?

0
1011

Күзде қоғамдық орындарда діни киімдерге байланысты заң қаралатынын депутаттар мәлімдеген еді. Осыған орай қазақ қоғамында челендж сипатта бір әрекет басталды деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Әлеуметтік желілер, соның ішінде ТикТокта «хиджабымды шешпеймін! Алланың әміріне қарсы келмеймін!» дейтін видеолар қаптады. Хиджапқа оранған қыз-келіншектер Қазақстан Мемлекетінің Ата заңын емес, Ислам дінінің Шариғат ұстанымын қолдай ма?

Біз қай елдің азаматымыз өзі? Заңға бағынбай, әркім әр діннің ұстанымын алға тартып, өз бетімен осылай байбалам сала берсе, не болады?

Хиджабқа тыйым салу заңы шығады деп  ең алғаш хабарлаған депутат Ермұрат Бапи да: «Хиджаб кигізбеді деп кетем десе, алды-артына бір уыс топырақ. Біз қазақ дәстүрін сақтау жолында жұмыс істейміз. Кімді қорқытып отыр? Барсын! Қайда барар екен?!» дейді.

Өкпесін айтудан бөлек, енді «Хиджаб киіп жүруімізге тыйым салса, елден кетемін!» дейтін қоқан-лоққы видеолар да тарай бастады. Бұған басқа азаматтардың пікірі қандай?

Facebook-та да бұл мәселе «күйіп» тұр. Сілтемеге өтіп, қарап шықсаңыз болады.

«Кетсе, жолы болсын! Кетсін!», «Қайда бармақ? Сирияға ма?», «Қазақстан — шариғат елі емес. Сондықтан діни елге кетем десе, жолы болсын!» дегендер мен «Алланың қаһарына ұшырайсыңдар!», «Бұл — Алланың әміріне қарсылық!», «Қысқа көйлек кигендерді түзеп алыңдар, хиджабқа тиіспей!» деген пікірлер өзара қайшыласып жатыр.

Фото интернеттен алынды.

@kaztiktokkz

♬ оригинальный звук — Жақсы адамдарым