Имам-молда төрде отыратындай беделді ақсақал емес

0
1500

Асқа молда шақырғанда қалыптасқан дәстүр бойынша марқұмдарға құран оқытып, құран бағыштау үшін шақырады.

Тойға әнші шақырған сияқты. Немесе үйге дәрігер немесе сантехник шақырған сияқты. Келіп, ритуалын орындап, келіскен ақысын алып, кетуі тиіс.

Аста уағыз айтылмау керек. Шақырылған әнші халыққа музыка жайлы, дәрігер медицина жайлы, сантехник сантехника жайлы жарты сағат лекция оқымайды ғой. Уағызын мешітте жамағатына айтсын, діни шараларға жиналғандарға айтсын.

Молда асқа қонақ ретінде келмеуі тиіс, төрде отырмауы тиіс! Ол жиылған жұрттың ішіндегі беделді ақсақалы емес, қариясы емес.

Ол тіпті ас иесінің туысы емес, жақыны емес, досы емес, көршісі емес. Ол діни ритуал орындауға келген дін қызметкері. Қызметін орындап болған соң кетуі тиіс.

Аңқау қазақ бұларды әбден басқа шығарып алды. Молдалар орнын білсін. Ас беремін деушілер, осыны естеріңізде сақтаңыздар.

Ешкім асқа “молда щақырайық, біраз уағыз айтып, қалай өмір сүру керектігімізді үйретіп, кеңес беріп кетсін” деп шақырмайды. Құран оқытайық деп шақырады.

Ақан ЖАҚАНҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.