«Іші-бауырыма кіріп алғаны өтірік емес» дейді Жұлдыз Әбдікәрімова

0
321

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй алып, алаяққа ұрынар кезде күйеуін тыңдамағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жер үй алу мәселесі карантин уақытында көтерілгенін айтты.

«Дилярамен аса дос болған жоқпыз. Бірақ ол өзі мені тартатын. Туған күндеріне шақыратын. Ол мені өзінің үйіне кіріп, заттарын бергісі келіп тұратын. Бірақ мен ондайды ұнатпаймын. Біреудің жеке шекарасына өткенді жақсы көрмеймін. Керісінше, ол бос болсаң мені үйіме жеткізіп салшы, үйге кіре салшы дейтін. Бір рет кіргенім бар, анасымен амандасып шығайын, үлкен кісі ғой деп. Бірақ екеуіміз аса бір жақын болған құрбылар емеспіз. Бірақ іші-бауырыма кіріп алғаны өтірік емес. Оның бір сондай «дарыны» бар ма, білмедім», — дейді Қайрат Нұртастың жұбайы.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінен бөлек Дилярадан тағы бірнеше адам зардап шегіп отырғанын қозғап өтті.

«Менен басқа тағы бес адам алданған. Бас-аяғы біз – алты жәбірленушіміз. Бұл енді топтық арыз. Олардың ішінде менің жағдайыма ұқсас үш адам бар. Қалғандарында ақша проблемасы. Мен сияқты жүргендердің жерлері – агронесиелік корпорацияда кепілде тұр. Олардан қалай алдандыңыздар деп сұрасам, «білмейміз, басымыз айналып қалды» дейді. Былай қарасақ, олар кәсіпте жүрген үлкен кісілер», — дейді ол.