«Қағбаны бөлшектеп Қазақстанға әкеліп жатыр» дейді жұрт

Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазақстанға қағба қара тасының су ағары келгені жар сала жариялануда деп жазады Democrat.kz.
Меккедегі қара тастың су ағарын әспеттеп залға кіргізілген сәтте сол жердегі қауымның қуанышында шек болмағаны сондай «Аллаһу акбар!» деп айғайға басты.
Ұлты араб бір кісі өз тілінде ұзақ бір түсініктеме оқып, ал біздің халық әлгі су ағарға тамсанып, таңырқап жатты.
Осы көрініске қатысты видеоны көрген кісілер «біздің Арабгүлдерді құлғып бітірді.Біресе жүнді әкеп сүйгізді.Біресе пайғамбардың табанының ізі деп сүйгізді.Бір шалды әкеп қолын сүйгізді.Енді тағы бір болмашы зат әкеп табындырып жатыр надандарды», «енді мына су ағарды құшып сүйеді бұлар», «сонша не көрінді тамсанып?», «бұлар Қағбаны бөлшектеп Қазақстанға әкеліп жатыр ма, не боп кетті өзі?», «надан қауымға табынатын дүние болса, болды», «пайғамбардың шашы, сахабаның нәжісі, қағбаның су ағары… пұтқа табынған қауым болдық қой!» деген сыңайда пікірлер жазылуда.
Фото көрнекілік үшін.
@elitar.kz Алтынмен апталған Қасиетті Қағбаның үстіндегі суағар қазақстандық қажыға сыйға берілді. Суағарда Аса Қамқор Мейірімді Алланың атымен бастаймын деп жазылған! Одан бөлек ою-өрнегімен бірге келген. Видео соңында жаппай жармасқан халыққа “ Қазір құлатасыздар”, “Майыстырасыздар”, “Ұят болады қонақтың алдында” деген ескерту сөздерді анық естуге болады…