Қай депутаттың жұмысына көңіліңіз толады?

Қай депутаттың жұмысына көңіліңіз толады? Бүгін шәкірттерім осындай сұрақ қойып , өзімді таң қалдырды. Ойланбаппын да. Кәзір анализ жасап отырып қызық ойға келдім.
Мәжіліс сайлауында Аманаттың сәнін кіргізеді дейтін біраз кандидат бар еді. Солардың жартысының энергиясы таусылып қалған ба деп отырмын. Біраз уақыт ел алдына шықты да, артынан капут болды.
Дегенімен екі-үш депутат әлі де қарқынын жоғалтпай келеді. Дюрасел. Асхат Аймағанбетов, Абзал Құспандарға ризамын.
Көтерген мәселелері қомақты. Бастысы, көтеріп қана қоймай заң жобасын дайындап оны қабылдатуға дейін алып келеді. Депутат еңбегінің жемісі .
Депутаттың міндеті келген үкімет мүшелеріне сауал қойып қана телевизорға бір түсіп қалайын дегендер жетеді. Кейде солардың көтерген мәселелерінің жәй сөз болып сол жерде қалатынын сезіп отырамын.
Кәзір есімде жоқ,бірақ кезінде соларды біраз жазғанмын. Хаип үшін сөйлейтіндер де кездеседі.
Тәуелсіз депутаттардан Ермұрат Бапи ағамыз мықты. Өзі жалғыз шығар мәжілісте. Фракция құрып мәжіліс шешіміне әсер ететіндей болса жақсы болар еді. Өзі сияқты біраз тәуелсіз депутаттар бар. Солармен біріксе.
ПС:СЫ, мүмкін мен көрмей жүрген депутаттар бар шығар , жақсы жұмыс істеп жүрген. Атап кетіңіздер. Қандай еңбегіне тәнті болдыңыз?
Мен әзірше осы үш кісіні ғана көріп жүрмін.
Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.
Фото көрнекілік үшін.