Қайрат Нұртастың әйелі көрерменін ойлантып қойды
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңін оқып, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер адамы желіде ақынның «Жастарға» өлеңінен үзінді оқып өтті.
Желі қолданушылары оның бұл өнеріне бағасын беріп, түрлі пікір қалдырды.
«Бір деммен тоқтамай тыңдап шықтым», «Қазіргі адамдарға Шәкәрім атам жақсы айтып кеткен екен-ау. Жұлдыз өте керемет оқыдыңыз», «Не деген жағымды дауыс», «Көңіліме қатты әсер етті», «Иә, бәрі уақытша өмір, дүние-дүние деп адаспаңдар», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актриса үйінен айырылып, бірнеше айдан бері соттасып келеді.
Фото интернеттен.