«Қандай кедргілер болғанын жақсы білеміз…»

0
45

Алты жыл бұрын егер біреу:

– Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі,

– Бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі,

– Ұлттық қордың қаражаты әр балаға аударылады, десе, көпшілік сенбес еді.

Бірақ бүгінде бұл – қалыпты жағдай, бәріне түсінікті ереже.

Біз бұл бастамалардың қалай басталғанын, қандай кедергілер болғанын жақсы білеміз.

Ешкім жоққа шығара алмайтын факт – бұл өзгерістер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген жүйелі реформалардың нәтижесі.

Білім – бұл жарық. Егер мұғалімнің шамы сөніп қалса, қоғам қараңғылықта қалады. Сондықтан да Президент реформаларын дәл осы ұстаздардан бастады.

Мұғалімдердің орташа жалақысы екі есе өсті.

“Педагог мәртебесі туралы” заң қабылданды – енді мұғалімдер заң бойынша газет-журналдарға күштеп жазылмайды, көшелерді тазаламайды.

Егер бұрын педагогикалық мамандықтарға талапкерлер амалсыздан түсетін болса, қазір ол ең сұранысқа ие мамандықтың қатарына кірді.

Педагогикаға түсушілердің орташа балы 55-тен 100-ге дейін өсті.

Енді мұғалімдікке ең үздік түлектер келеді. Бұл – нағыз жеңіс.

Мектеп жай ғимарат емес — ол болашақ фабрикасы.

Бұрын жаңа стандарттағы, жайлы мектептер тек облыс орталықтарында, мамандандырылған мекеме ретінде салынатын.

Бүгінде “Жайлы мектеп” жобасының арқасында ең заманауи мектептер шалғай ауылдарда да салынуда.

Барлық мектептер бірдей стандартпен салынады – заманауи жабдықтар, қауіпсіз орта, ерекше балаларға қолжетімділік.

217 мектеп салынады.

Мемлекет балаларды қолдауды күшейтті

100 мыңнан астам аз қамтылған отбасыдан шыққан балаға балабақшадағы тамақ үшін төлем жасаудың қажеті жоқ – мемлекет бұл шығынды өз мойнына алды.

Халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарына қаржылай қолдау енгізілді – 6 млн теңгеге дейінгі сыйақы және ЖОО-ға ЕНТ тапсырмай-ақ грант.

Дарынды балаларға “Болашақ” бағдарламасымен шетелде оқу мүмкіндігі берілді.

Бүгінде мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аударуда:

Ондаған жаңа коррекциялық кабинеттер ашылды.

ПМПК мен оңалту орталықтарының саны артты.

Арнайы бағдарламалар мен жаңа қолдау шаралары іске қосылды.

Денсаулық сақтау: өмір сүруге мүмкіндік

Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға арналған қымбат таргеттік дәрілердің тізімі кеңейтілді.

Бұрын бұл дәрілерге қолжетімділік шектеулі болса, енді олардың тізімі 2 есе, ал оларды ала алатын пациенттер саны 3 есе артты.

Бұл жай ғана сандар емес.

Бұл – науқастардың жақындарымен өткізетін қосымша уақыты.

Бұл – аман қалған мыңдаған өмір.

Әрине, әлі де шешілмеген мәселелер бар. Бірақ бір нәрсе анық – өзгерістер жолы қайтарымсыз.

МӘМС мәселелері – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, ұзақ күту мерзімі және тексеруден өту жүйесіндегі проблемалар.

Жүзмыңдаған Азаматтық қызметкерлердің төмен жалақысы мен мүгедектігі бар азаматтардың қазіргі бағаларға сай келмейтін жәрдемақысы – бұл мәселелерді болашақта қайта қарастыру қажет.

Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дамыту.

Атқарылған, реформалардың барлығы – Ел Президентінің жаңа, заманауи саясаттының айқын көрінісі.

Бастысы, бүгінгі таңда тек проблемаларды шешу ғана емес, әлеуметтік саясаттың тұтас қағидасы өзгеруде.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен.