«Қанмен келген заңға» Президент қол қойды

0
478

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды», — деп хабарлады ресми Ақ Орда.

Қоғамды дүрліктірген «бишімбаев ісі» бойынша түрлі теңеулер айтылды. Солардың ішінде ең дұрыс теңеуді журналист Дина Төлепберген айтқан еді. «Қанмен келген заң» деді журналист отбасылық қорлық-зомбылыққа қатысты заңды.

Бүгін осы заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ендігі жерде әйелге қол көтеріп, балаға зорлық-зомбылық жасайтындардың жазасы ауырлайды. Тіпті өмір бақи бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Бұл заң ертерек қабылданғанда, Салтанат Нүкенова аман қалар ма еді, деген өкініш әр саналы адамның көңілінде қалары сөзсіз. Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін қабылданған заңға журналист Дина Төлепберген жайдан-жай «қанмен келген заң» деп атау бермеді.

Ендігі жерде бишімбаевтар заңды жазасын алып, елімізде салтанаттар жыламасын десеңіз, тек қана құқық қорғау орындарына жүгінуді ұмытпайық.

Фото ашық дереккөзден алынды.