«Қаражорға» — қалмақтың биі» дейді қалмақтармен көрші тұрған апа (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода кезінде қалмақ ұлтымен көрші тұрған апа түрлі қызықтар айтып берді деп жазады Democrat.kz.
«Баяғыда бала кезімізде мұңғұл, қалмақтың қыздарымен сол биді билейтінбіз. Қалмақ ұлтымен көрші отырдық. Қалмақтар арақты сүттен жасайды.
Қазанға бірдеңе жасап, төңкеріп тастап, шүмектен тамшылатып бірдеңе ішетін. Сөйтсек, сол арақ екен. Соны ішіп алып, «Қаражорға» биін билейтін. Балалармен ойнап үйлеріне баратынбыз. Үйлерінің ішінде иттері жүретін.
Қазанды қойдың терісімен сүрте салып, су қайнатып, содан шай демдейтін. Өте лас болатын. Итті шөмішпен ұрып, сол шөмішпен тамақ құя беретін.
Сосын қалмақтар адам өлсе, бірдеңе деп жылап-жылап, артынан аттың құйрығына байлап, терең сайға апарып тастайды. Олар өлікті ит жегені дұрыс деп санайды» — дейді апа.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото көрнекілік үшін.
@turlybek_nurken Қара жорға Қалмақтікі ма? Ашаршылық жылдары апамның әкесі бас сауғалап қытай асыпты. Қытайдың Атсауыт, Мұңғұлкүре аймақтарында күнелтсе керек. Қалмақтармен қатар жүріпті. Күлән апам көргенін айтып отыр! #рекомендации❤️❤️ #рек #қаражорға #қазақ #қалмақ #fyrシ #алматы #астана #павлодар🇰🇿🖤